Раданың экс-депутаты Петр Порошенконы тыйым салынған оқ-дәрілерді сатқан деп айыптады

Украина парламентінің бұрынғы депутаты Давид Жвания Украинаның Мемлекеттік тергеу бюросына (МТБ) экс-президент Петр Порошенкоға қатысты арыз бергенін мәлімдеді.

Бейсенбі күні YouTube-арнасында жариялаған бейнебаянда Жвания бұрынғы мемлекет басшысы Сирияға тыйым салынған фосфор бомбаларын Сирия президенті Башар Асадқа қарсы тұрған топтарға сатқанын айтты.

«Қазір мен МТБ-ға тағы бір арыз дайындап жатырмын. Мен Порошенко Сирияға оқ-дәрілерді, оның ішінде тыйым салынған 400 килограмдық фосфор бомбаларын сату туралы арыз дайындап жатырмын. Сату 2014-2016 жылдар аралығында жүргізілді», — деп мәлімдеді Жвания.

Ол оқ-дәрілердің Асадқа қарсы күресті қолдауға бағытталғанын айтады. «Сатып алушы президент Башар Асадқа қарсы тұрған топтардың бірі болды. Менде бұған дәлел бар, олардың барлығы МТБ-ға жолдайтын арызымда келтіріледі», — деді ол.

Жванияның айтуынша, Порошенко «Ресей ізі» туралы тезисті пайдалана отырып, содырларға оқ-дәрі сатуды жасыруға тырысқан. «Өз қылмысын жасыру үшін Порошенко 2017 жылы Украинаның Калиновка [Винница облысы] әскери қоймаға өрт қойыңдар деген бұйрық берді. Ол кезде Порошенконың адамдары бізге қойманы жарылуына «ресейлік лаңкестер» кінәлі деп айтқан. Жарылыстың алдында Винница облысында тіпті Ресейге қарсы жаттығулар ұйымдастырылды. Бұл да назарды басқа жаққа аударуға арналған арнайы операцияның бір бөлігі болатын. Бірақ біз білетіндей, нәтижесінде ешқандай лаңкес табылмады, себебі олар жоқ еді, тек бір адамның қалтасын толтыру мүмкіндігін жіберіп алмайын деген ашкөздігі», — деп есептейді экс-парламентарий.

Жвания келтірілген айыптар — «Порошенко қылмыстық әрекетінің президент қызметіндегі эпизодтарының бірі» ғана екенін айтып, президенттік мерзімнің бес жылында олардың «көп» болғанын айтты. Ол бұл жөнінде жеткілікті ақпаратқа ие екенін және оны МТБ-ға ұсынуын жалғастыратынын атап өтті.

Жванияның мәлімдемесі

22 шілдеде Давид Жвания алғашқы үндеуін жариялап, 2014 жылы Украинадағы мемлекеттік төңкеріске қатысқан өзіне және басқа да саясаткерлерге қарсы айғақ беруге дайын екенін мәлімдеді. Оның орнына ол өзінің қауіпсіздігіне кепілдік беруді сұрады.

Кейінірек ол Петр Порошенконы айыптайтын бірнеше арыз жазды. Атап айтқанда, Жванияның айтуынша, бұрынғы президент пен оның айналасындағылар Украинада мемлекеттік төңкеріс жасаған. Ол сондай-ақ «майдан» ұйымына шетелден ақы төленгенін мәлімдеді. Бұрынғы депутат Порошенко Украинада Батысты қолдауға айырбастау үшін шетелдік ықпал ету агенттері желісінің жұмысына жәрдемдескені үшін, сондай-ақ 2014 жылы қыста Киевтің орталығында тәртіпсіздікке қатысушыларды ұрлау мен ұрып-соғудың ұйымдастырғаны үшін айыптады.

Видеоның бірінде Жвания «қылмыстық қоғамдастық» Порошенко күзде украиналық мемлекет басшысы Владимир Зеленскийді күшпен ығыстыруды жоспарлап отырғанын айтып өтті. Порошенко жетекшісі болып табылатын «Еуропалық ынтымақ» партиясында бұл мәлімдемелердің барлығын «тұтас жалған» деп атады.

Добавить комментарий