Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің сайтында Бахтияр Қожахметовтың Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлама жарияланды.
1985 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Карлов университетін, Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда маман ретінде бастаған, кейінірек қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарда жұмыс істеді.
2007-2009 жылдары “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ-да түрлі лауазымда қызмет атқарды. Одан кейін “Астанақ. ХХІ ғасыр көшбасшысы” ЖҚБ төрағасының орынбасары, “Зерде” ҰИХ” АҚ инфрақұрылымдық жобалар мониторингі департаментінің менеджері қызметтерін атқарды. Содан кейін “Ұлттық ақпараттық технологияларға” қайта оралды.
2012 жылдан 2014 жылға дейін Көлік және коммуникация министрлігінде басшылық қызметте жұмыс істеді.
2014-2017 жылдар аралығында “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ Зерттеу зертханалары орталығының үлкен деректер зертханасының жетекшісі қызметін атқарды, кейін “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
2015-2016 жылдары “Азаматтарға арналған үкімет” АҚ директорының орынбасары, келесі жылы “Ұлттық ақпараттық технологиялар” АҚ төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2017-2019 жж. — «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ басқарушы директоры. 2020 жылдың сәуір айынан бастап қазірге дейін — «Зерде» ҰИХ АҚ басқарма мүшесі-төрағасының орынбасары.