ҚР СІМ Кабулдағы Ресей елшілігі маңында болған терактіге қатысты мәлімдеме жасады


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-37850-1662393273-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшілігінің алдында террорист-жанкешті жасаған жарылысқа қатысты пікір білдірді.

Хабарланғандай, ҚР СІМ 2022 жылғы 5 қыркүйекте Кабул қаласындағы Ресей Федерациясының Елшілігі ғимаратының жанында болған және ресейлік дипломаттарының өмірін қиған террористік актіні қатаң айыптайды.

«Ауған тарапы оқиғаға мұқият тергеу жүргізу және кінәлілерді заңға сәйкес қатаң жазалау, сондай-ақ Ауғанстанда аккредиттелген дипломатиялық корпус пен шетелдік азаматтарды қорғауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдау қажет деп санаймыз!”, — деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстан тарапы халықаралық қоғамдастықтың терроризмге қарсы күрестегі күш-жігерін қолдайды және дипломатиялық өкілдіктер мен олардың қызметкерлеріне қатысты кез келген зорлық-зомбылық көрінісін өрескел деп санайды.

«Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігіне, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», — деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

5 қыркүйекте террорист-жанкешті Ауғанстан астанасындағы Ресей елшілігі ғимаратының алдыгда өзін-өзі жарып жіберді. Алдын ала мәліметтер бойынша, теракт салдарынан Ресей елшілігінің жанында кемінде 25 адам қаза тауып, жарақат алған.

Қаза тапқандардың арасында елшіліктің екі қызметкері бар.

Добавить комментарий