ҚР СІМ басшысы АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесті


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/09/speech-38993-1663927002-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанның СІМ басшысы Мұхтар Тілеуберді, АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары С5+1 форматындағы кездесу барысында өңірлік күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлады сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі.

Өңір елдері мен АҚШ арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту жөніндегі бірлескен күш-жігердің аспектілері қозғалды.

Анықтама үшін! С5+1 форматы — АҚШ мемлекеттік хатшысы мен Орталық Азияның бес мемлекетінің тұрақты түрде өткізілетін кездесуі.

Кездесуге қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтарды институционалдық қолдауды және үйлестірілген іске асыруды қамтамасыз етуге арналған С5+1 Виртуалды хатшылығының іске қосылуын құптады.

Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде өңірдің тұрақты дамуы мен тұрақтылығын арттыру мақсатында ішкі өңірлік диалогты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан өңірлік қауіпсіздік, климаттық өзгерістердің жағымсыз салдарына қарсы іс-қимыл жасау, су ресурстарын ұтымды пайдалану, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту және адами капиталды дамыту мәселелерін бірлесіп шешуге барынша күш салады», — деп атап өтті СІМ басшысы.

Іс-шара соңында Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы келесі министрлік кездесуді Қазақстанда өткізуді ұсынды.

 

Добавить комментарий