Қазақстан Сенатының спикері ағымдағы жылдың 3-4 маусымында Өзбекстанға жұмыс сапармен барады.
Хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Өзбекстанға сапары барысында Мәулен Әшімбаевп Олий Мәжіліс Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаева мен Заң шығару палатасының спикері Нұрдинжан Исмоиловпен кездесуі жоспарланған.
Сапар аясында «Тәуелсіздік және ізгілік» монументіне гүл шоқтарын қою, Темір әулетінің тарихы мемлекеттік мұражайын, «Хазреті Имам», Шейх Хавенди Тахур кешенін, «Калдиргочбий» кесенесін зиярат ету, Технопаркті аралау, бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз конференциясын өткізу көзделген.