
Мемлекет басшысының Жарлығымен Шахрат Нұрышев Қазақстанның Қытайдағы елшісі болып тағайындалды.
Бұған дейін ол осы қызметті атқарған.
«Шахрат Шәкізатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының ҚХР-дағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды», — делінген Ақорданың хабарламасында.
Қазақстанның Қытайдағы бұрынғы елшісі Ғабит Қойшыбаев ҚР-ның Моңғолиядағы төтенше және өкілетті елшісі болды.
Шахрат Нұрышев жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Оның орнына Ақан Рахметуллин келді.
Ол Бейжің лингвистикалық университетін шығыстану мамандығы бойынша және әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған.
Әр жылдары ҚХР-дағы ҚР елшілігінің бірінші хатшысы, ҚР СІМ Азия және Африка департаменті басқармасының бастығы, ҚХР-дағы ҚР елшілігінің кеңесшісі, Шанхай ынтымақтастық ұйымы хатшылығы жанындағы ҚР тұрақты өкілі қызметтерін атқарды.
2007 жылы — ҚР ҚХР-дағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2008 жылы — ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.
2008-2015 жылдары — Шанхай достастық ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі ҚР ұлттық үйлестірушісі, ҚР үкіметінің Ауғанстанмен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі.