ҚР Президенті шет мемлекеттердің елшілерімен кездесті: олар не туралы сөйлесті

Қазақстан Президенті Қазақстандағы шет мемлекеттердің елшілерімен кездесу кезінде бірқатар маңызды мәселелерді қозғады. Оның ішінде адам құқықтары қорғау мен экономикаға қатысты мәселелер айтылды.

Ақорданың хабарлауынша, президент Қазақстанда тіркелген дипломатиялық миссиялар және халықаралық ұйымдардың басшыларына елімізде түрлі салада ауқымды реформалар жүргізіліп жатқанын айтты

Ол өз саясатымызда «біз әртүрліміз, бірақ теңбіз» деген постулатты берік ұстанамыз. Сондықтан азаматтық қоғамның рөлін арттыруға, түрлі қоғамдық күштерді біріктіруге, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруға маңызды іс-шаралар қабылданып жатқанын атап өтті..

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның демократияландыру және кешенді қоғамдық-саяси өзгерістер бағыты өзгермейтінін атап өтті.

Оның айтуынша, жаңа модель биліктің тұрақты ротациясын және Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін одан әрі демократиялық тұрғыда дамуын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстанның қабылдаған жаңа экономикалық бағыты шынайы еркін нарықтық экономика құруға бағытталғанын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, «монополиядан арылту- біздің ұлттық басымдығымыз».

Тоқаев атап өткендей, сауда-экономикалық ынтымақтастық перспективаларына назар аударып, еліміздің аграрлық, өндірістік сектор, энергетика , «жасыл» қаржы салаларындағы әлеуеті зор екенін атап өтті.

Добавить комментарий