ҚР Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысып, жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға шақырды.

Ол шұғыл түрде келіссөз жүргізуді бастау қажеттігін атап өтті.

Қазақстан-Армения шекарасындағы жағдайға байланысты Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясы Армения Республикасының ұсынысымен бейнеконференция форматында өтті, деп хабарлады Ақорданың сайты.

Сонымен қатар саммитке Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь Қауіпсіздік Кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович, ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Валерий Семериков қатысты.

Ақордада мемлекеттер басшылары әзербайжан-армян мемлекеттік шекарасында болған оқиғаларға қатысты Армения Премьер-министрінің мәліметін тыңдағанын хабарлады.

Қазақстан Президенті сессияға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде қақтығысты тек саяси-дипломатиялық жолдармен шешу қажет екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев жағдайды тұрақтандыру үшін мүмкін болған барлық шараны қабылдауға, күштік құрылымдарды пайдаланудан бас тартуға, шұғыл түрде келіссөз жүргізуге шақырды», — деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қабылданған шешімдері туралы ұйым хатшылығы баяндап береді, деп хабарлады Пашинянның баспасөз қызметі.

Сол кезде Еревандағы Армения Ұлттық жиналысы ғимаратының алдында наразылық білдірушілер премьер-министр Никол Пашинянның импичмент рәсімін бастауды талап етті.

Наразылық шарасына қаза тапқан сарбаздардың туыстары, сондай-ақ бірқатар оппозиция өкілдері қатысуда. Шерушілер 14 қыркүйекте таңғы сағат 8-ден бастап парламент ғимаратының барлық кіретін жолдарды жауып тастамақ. Кейбірі Ұлттық жиналыс ғимаратында түнеді.

13 қыркүйекке қараған түні Армения мен Әзірбайжан шекарасында ұшқышсыз аппараттар мен ауыр қару-жарақты қолдана отырып әскери қақтығыстар болды. Ереванда Әзірбайжан әскерилері шабуыл жасамақ болғанын мәлімдеді Ресми Баку бұл мәлімдемені жоққа шығарып, Армения аумағына шабуылды диверсиялық әрекеттерге жауап екенін айтты. Таңертең Армения басшылығы 49 әскери қызметшінің қаза болғанын мәлімдеді.

Өткен тәулікте Қарабақтағы РФ бітімгершілік контингентінің жауапкершілік аймағында атысты тоқтату режимін бұзу тіркелген жоқ, делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің бюллетенінде.

Добавить комментарий