ҚР Президенті «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында өтіп жатқан «Отпантау-2021» әскери оқу-жаттығу жиынына барды

Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, жұмыс сапарының соңғы күні «Оймашы» полигонында өткен шұғыл-стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиынына барды.

Жоғарғы Бас қолбасшы Бас штабтың алдыңғы шептегі пунктін аралап көріп, Қорғаныс министрінің, әуе қорғанысы, құрлық әскері, әскери-теңіз және десант-шабуылдаушы әскерлер күштері басшыларының, сондай-ақ Қарағанды облысы әкімінің баяндамасын  тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев арнаулы мақсаттағы бөлімдердің дайындығын тексеріп, қару-жарақтар мен техникалардың заманауи түрлерін көрді, сондай-ақ Ақтаудағы әскери госпиталь мен Маңғыстау облысындағы авиациялық инфрақұрылымның құрылыстарына қатысты презентациямен танысты.

Содан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді жүргізілген әскери әдіс-тәсілдердің көрсетілімін биік мінберден тамашалады. Оқу-жаттығу жиынының тәртібі бойынша әртүрлі әскер топтарының шартты қарсыластарына қарсы жүргізген әскери іс-қимылдарының қазіргі қарулы қақтығыстардың тәжірибесіне негізделген жаңа әдіс-тәсілдері іс-жүзінде көрсетілді.

Бұдан бөлек Президентке Қарулы Күштердің, ведомствоаралық бөлімдердің, сондай-ақ еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі жергілікті атқарушы органдар мен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің жүргізген іс-қимылдары онлайн режимде көрсетілді.

«Отпантау-2021» жедел-стратегиялық әскери-штабтың оқу-жаттығу жиыны әскеріміздің әзірлігін тосыннан тексерудің соңғы кезеңі болды. Қарулы Күштердегі оқу-жаттығу жиындары биылғы қыркүйек айының басынан бері жүргізіліп келеді. Тексеріске 9 мыңға жуық әскери қызметші қатысып, 3 мыңнан астам қару-жарақ пен әскери техника, оның ішінде 66 ұшу аппараты мен 8 кеме жұмылдырылды.

Добавить комментарий