Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев «2020 — 2022 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы «Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына бірқатар түзетулер енгізілетін заң жобасына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Қосымша шығындар карантиндік іс-шараларды өткізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 млрд теңгеге қосымша ақы төлеуге бағытталады. Бұдан басқа, ТМККК шеңберінде COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметке ақы төлеуге — 83,2 млрд теңге, эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін ішкі істер органдарының қызметкерлеріне сыйақы төлеуге — 11,7 млрд теңге.
Сондай-ақ, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға 261,7 млрд теңге сомасында шығындар қарастырылған. Аталған қаражат есебінен өмір сүру сапасын жақсартып, халықтың табысын арттыра отырып, өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар мен жобаларды іске асыру жоспарлануда.