ҚР Президенті Кузбастағы шахтада болған апатқа байланысты Путинге көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасында болған апатқа байланысты Ресей Президентіне көңіл айтты.

Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болған кеншілердің жақындары мен туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін.

Кузбастағы шахтада болған апаттан қанша адам қаза болғаны туралы соңғы дерек

«Листвяжная» шахтасындағы метан жарылысынан 52 адам қаза тапты. ТЖ салдарынан ешкім аман қалмағаны хабарланды.

Бұған дейін 11 шахтер мен үш құтқарушының қайтыс болғаны хабарланған. Ресми түрде 35 кенші мен тағы үш құтқарушының жағдайы белгісіз.

Естеріңізге сала кетейік! 25 қараша күні таңертең Кемеров облысы Белове қаласындағы «Листвяжная» көмір шахтасында түтін шықты. Кейінірек Ресей Бас прокурорының орынбасары Дмитрий Демешин «Листвяжная» шахтасында болған төтенше жағдайдың алдын ала себебі метан жарылысы екенін мәлімдеді.

Кемеров облысының билігі апаттан кейін 26-28 қараша аралығында үш күндік аза тұту жариялады.

Бұл жайтқа байланысты ТК қылмыстық іс қозғады.

Добавить комментарий