ҚР Президенті Еуразиялық экономикалық одағының ЕЭА туралы заңға қол қойды

Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев «2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңға қол қойды

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған заң ЕАЭО аясындағы құқықтық негізді құрайтын халықаралық шартты жетілдіруге бағытталған.

Атап айтқанда, келісім Одақтың кедендік аумағындағы еркін экономикалық аймағының жекелеген мәселелерін қосымша реттеуді көздейді.

Хаттама нормаларына сәйкес еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтардың аумағы Одақтың кедендік аумағының бөлігі, ал порттық және логистикалық ЕЭА шегі Одақтың кедендік шекарасы болып табылады.

Бұдан басқа, еркін кедендік аймақтың рәсімі қолданылатын ЕЭА аумағы аумағында осы ЕЭА құрылған мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалады.

Добавить комментарий