ҚР Президенті БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілін қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Бас хатшысының Ауғанстан бойынша өкілі кездесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас хатшысының арнайы өкілі мен БҰҰ-ның Ауғанстанға жәрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы Дебор Лайонсты қабылдады. Кездесуде Ауғанстандағы дағдарысты тұрақтандыру, гуманитарлық көмек көрсету және әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру жөніндегі халықаралық күш-жігер аясында Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның терроризм мен экстремизмге қарсы күрес, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету, ауған студенттері үшін білім беру бағдарламаларын жалғастыру салалары бойынша халықаралық қоғамдастықпен жан-жақты ынтымақтастықты жалғастыруға бейілді екенін растады.

Дебора Лайонс Мемлекет басшысына Еуропалық Одақ пен Орталық Азияның Ауғанстан жөніндегі арнаулы өкілдерінің кеше Алматыда өткен екінші кездесуінің қорытындысы, сондай-ақ UNAMA кеңсесінің Ауғанстанды қалпына келтіру үшін қабылдаған шаралары жөнінде мәлімет берді.

Добавить комментарий