ҚР Президенті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасын бекітті

Қазақстан Президенті Қазақстанның 2030 жылға дейінгі құқықтық саясатының тұжырымдамасы бекітілген жарлыққа қол қойды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Құқықтық саясат тұжырымдамасы — ұлттық құқықты, құқық қорғау және сот жүйелерін дамытудың, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметтің, сондай-ақ құқықтық білім беру мен құқықтық насихаттауды дамытудың басым бағыттарын айқындайтын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаты болып табылады.

Аталып өткендей, онда қойылған мақсаттар мен оларды жүзеге асыру шаралары «Қазақстан-2050» Стратегиясымен және одан әрі мемлекеттік дамудың басты бағыттары болып табылатын Ұлт жоспарымен толық сәйкес келеді.

Құжатта ағымдағы жағдайға талдау жасалған және бірқатар проблемалар атап өтілген.

Атап айтқанда, инновациялық цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында құқық бұзушылар қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың жаңа тәсілдерін қолданады, сондай-ақ қоғамдық өмірдің көптеген салалары үшін, оның ішінде кәсіпкерлік қызмет еркіндігі үшін қосымша криминалдық қауіптер туындайды, мұны қылмыстық заңнаманы жаңғырту кезінде ескерген жөн.

Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру және соттың сот төрелігін жүзеге асыру сапасы мәселелері өзекті болып қала береді.

Адам құқықтарын сақтаудың ведомстволық көрсеткіштері (ашылуы, сотқа жіберілуі) бұрынғысынша басым.

Қылмыстық процесс саласындағы жағымсыз факторлар, ең алдымен, сотқа дейінгі тергеу, прокуратура және сот органдары арасындағы өкілеттіктер мен жауапкершілік аймақтарының аражігін ажыратудың нақты критерийлерінің болмауынан туындайды.

Добавить комментарий