Роман Скляр Түркия аумағында орын алған соңғы оқиғалар аясында Алматының сейсмикалық қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді.
Бұл мәселені Сенат депутаты Сергей Ершов көтерді. Түркиядағы жойқын жер сілкінісін айта келе, ол бізде де сейсмикалық қауіпті Алматы сияқты өңір барын мәлімдеді. Осыған байланысты ол Роман Склярдан Алматыдағы сейсмикалық қауіпсіздік жағдайын қалай бағалайтынын және Түркиядағыдай қайғылы оқиғаның бізде қайталанбауы үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады.
«Алматыда жалғыз институт бар — бұл Қазақстандық құрылыс және сәулет ҒЗИ, ол сейсмикалық аймақтағы ғимараттарды жобалау мәселесі бойынша тарихи жұмыстар жүргізуде. Қазір алаңдауға ешқандай негіз жоқ деп ойлаймын. Тиісті лауазымды тұлғалар тиісті құжаттарға қол қоя отырып, осымен айналысады және өз жұмыстарына жауап береді», — деді Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.