Қазақстанда премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан және Беларусь үкіметінің басшыларымен кездесті.
Премьер-министрлер екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Премьер-министр Әлихан Смайылов Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаровпен және Беларусь премьер-министрі Роман Головченкомен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Премьер-Министр сайты.
Кездесулер Нұр-Сұлтанда өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысы аясында өтті.
«Қырғызстан – Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызды сауда серіктесі. Өзара сауданың оң серпінінің қалпына келуін атап өткім келеді. 2021 жылдың қорытындысы бойынша сауда көлемінің шамамен 15%-ға артқаны байқалады», — деді Әлихан Смайылов Ақылбек Жапаровпен өткен келіссөздер барысында.
Автомобиль өнеркәсібі бойынша ынтымақтастық шеңберінде қырғыз тарапы автокөлік техникасын сатып алу және лизинг мәселесін қарастыруда. Қазіргі уақытта техникалық мәселелер пысықталып жатыр.
Трансшекаралық сулар және энергетикалық ынтымақтастық бойынша тараптар трансшекаралық өзендердің ағысы мәселесін реттеді, соның нәтижесінде екі мемлекет үшін де вегетациялық кезеңде Сырдария, Шу және Талас өзендерінің бассейндерінде судың азаюының ықтимал теріс салдарының алдын алу шаралары қабылданды.
Стороны обменялись мнениями по прочим актуальным вопросам и расширению торгово-экономического сотрудничества.
Әлихан Смайылов пен Роман Головченко Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық ынтымақтастығын талқылады
«Біздің елдеріміздің арасында барлық сала бойынша өзара тиімді ынтымақтастыққа ықпал ететін сенімді диалог жолға қойылған. Қазақстан-Беларусь қатынастарының негізгі өзегін сауда-экономикалық байланыстар құрап отыр», — деп атап өтті Әлихан Смайылов.
2021 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының өсімі 15,7%-ды құрады. Ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі – агроөнеркәсіптік кешен. Өзара сауда көлемін АӨК өнімдері арқылы бірлесіп ұлғайтудың маңызы зор. Қазақстандық тарап бірлескен жұмыс үшін ең қолайлы жағдайларды жасауға дайын.
Қазақстан мен Беларусьтің өнеркәсіптік кооперациясының негізгі бағыттарының бірі – машина жасау. Мүмкіндіктерді ескере отырып, қазақстандық тарап өндірісті барынша жергіліктендіруге мүдделі.