ҚР-ның әскер спортшысы Мажарстанда өткен бокстан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының боксшысы Қарулы Күштердің қызметшісі Теміртас Жүсіпов Мажарстанда өткен бокстан өткен беделді жарыста жеңіске жетті.

Ол Венгрияның Дебрецен қаласында Иштван Бочкайды еске алуға арналған беделді халықаралық турнирде «алтын» олжалады.

Финалға шыққанға дейін Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейін салмақта екі мәрте жеңіске жетті. Оның рингтегі қарсыластары Өзбекстаннан келген боксшы Дониер Бекмуродов және әзірбайжандық спортшы Тұрал Сариев болды.

Қырғызстаннан келген боксшы Асылбек Аманқұлұлымен шешуші жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан шешімімен Теміртас Жүсіпов жеңімпаз атанды. Осылайша, армия спортшысы халықаралық турнирде Қазақстан ерлер құрамасының құрамында алғашқы алтын медальді жеңіп алды.

Теміртас Жүсіпов – Қазақстанның алты дүркін, Азия (2013 жыл) және әлем (2021 жыл) чемпионы.

 

Добавить комментарий