Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үш облысты эпидемиологиялық жағдайға тиісті бақылау жоқ деп айыптады
Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында эпидемиологиялық жағдайға тиісті бақылаудың жоқтығы байқалады, елдегі ауру таралуының 40 пайызы осы өңірлерге тиесілі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
«26 қаңтардағы жағдай бойынша қызыл аймақта сегіз өңір — Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары орналасқан. Бұл ретте Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарында эпидемиологиялық жағдайға тиісті бақылаудың жоқтығы байқалады, нәтижесінде елімізде ауру таралуының 40 пайызы осы өңірлерге тиесілі», — деді Алексей Цой.
Сонымен қатар, ол мамандардың болжамынша, қолданыстағы шаралар сақталған жағдайда наурыз айының соңына дейін 3 мыңға дейін науқасты тіркеу мүмкін екенін, ал төсек қорын қамтылуы 24 мыңға жетуі мүмкін екенін атап өтті.
«Эпидемиологиялық жағдайдың ықтимал даму болжамы жасалды. Пессимистік сценарий бойынша тәулігіне 9 мың жаңа жағдайларды тіркеу мүмкін, төсек қорын қамтылуы 45 мыңға дейін жетуі мүмкін. Шамадан тыс жүктемені болдырмау үшін қатаң карантин енгізілуі мүмкін. Болжамды есептеулер бойынша, бірінші жартыжылдықта вакцинациядан өткен 2 миллион адам тіркелетін жағдайларды 40 мыңға дейін азайтуға көмектеседі», — деп толықтырды Алексей Цой.