ҚР Мемлекеттік хатшысы ГФР СІМ өкілімен кездесті

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Карин мен Германия сыртқы істер министрлігінің Орталық Азия, Шығыс Еуропа және Кавказ елдері бойынша өкілі Маттиас Люттенберг бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

«Кездесу барысында Ерлан Қарин мен Маттиас Люттенберг Қазақстан мен Германия арасындағы әріптестіктің қазіргі ахуалы мен даму перспективаларын талқылады. Мемлекеттік хатшы Қазақстан Германияны Еуропа мен Еуропа Одағындағы маңызды стратегиялық әріптесі санайтынын, екі ел арасындағы көпжоспарлы ықпалдастықты одан әрі дамытуға бейілді екенін айтты.

Сонымен қатар, Ерлан Қарин еліміздің саяси жаңғыруына қатысты жоспарлар мен Мемлекет басшысының жаңа экономикалық бастамаларын жүзеге асыру жайында мәлімет берді.

Өз кезегінде, Маттиас Люттенберг Мемлекеттік хатшыға кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін алғыс айтып, Қазақстан мен Германия арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілетудің әлеуеті зор екенін атап өтті.

Добавить комментарий