ҚР Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне Мейіржан Юсупов тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мейіржан Бахитұлы 2001 жылы Middle East Technical University «Экономика және басқару» мамандығы бойынша, 2004 жылы — Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2007 жылы — Лондон экономика мектебін, 2015 жылы — Гарвард басқару мектебін бітірді.

Еңбек жолын 2001 жылы «Түркуаз» компаниялар тобы» АҚ директорының орынбасары қызметінен бастаған.

Кейіннен «Демир Қазақстан Банкі» АҚ-да, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ «АҚ Қорында жұмыс істеді. 2010 жылы ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды.

2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК «АҚ қазынашылық бастығы, экономика және қаржы жөніндегі директоры, бас директоры қызметтерін атқарды.

Добавить комментарий