ҚР ҚК Арнайы операция күштерінің қолбасшылығы құрылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 19 қаңтарда «ҚР ҚК Арнайы операция күштерінің қолбасшылығын құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

Жаңа құрылым Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында құрылады.

Сонымен қатар, ҚР Президентінің кейбір актілеріне Қарулы Күштердің бас қолбасшылары мен қолбасшыларын тағайындау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Добавить комментарий