Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2,3 мың бірлік ноутбук сатып алуға тендер жариялады.
«Тапсырыс беруші — «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ММ»; атауы — ноутбук; бірлігі үшін бағасы — T263 392,85; саны — 2310; жоспарлы сома — T608 437 483,5″, — делінген мемлекеттік сатып алу порталында орналастырылған лоттың сипаттамасында.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталып, 17 қыркүйекте аяқталады.
Бұған дейін Алматы облысының полициясы да ноутбук сатып алуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын — осы мақсатта аймақтың құқық қорғау қызметкерлері шамамен T100 млн жұмсамақ.