ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ұйым қызметкерлерін вакцинация бойынша міндетті тексеруді енгізуде

Қазақстанда індетке шалдығу қаупін азайту үшін Денсаулық сақтау министрлігі ұйым қызметкерлерін жұмыс орнында эпидемиологиялық нормалардың сақталуын тексеру туралы шешім қабылдады. Жоба Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен үкіметтік емес ұйымдардың қаралуында.

Ведомство Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық экономика министрлігі «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» бірлескен бұйрыққа өзгерістер енгізуді жоспарлап отырғанын еске салды. Жаңа пункттер арнайы тексеру парақтарына енгізіледі. Вакцинация паспорты болмауы, кейінгі 7 күнде ПТР-тесті болмауы немесе вакцинациядан босатылғаны туралы медициналық анықтама болмауы өрескел заңбұзушылыққа жатқызылады.

«Бірлескен бұйрық бекітілгеннен кейін ұйым қызметкерлеріне қатысты тексерулер жүргізіледі. Бұған дейін тексерулер жүргізілмеген, себебі Кәсіпкерлік кодекстің 143-бабының 3-тармағына сәйкес тексерулер жүргізуге негіз болмаған», — деп хабарлады комитеттегілер.

Бірлескен бұйрық жобасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және үкіметтік емес ұйымдарға қарауа ынжәне келісіміне жіберілді.

Құжат «Ашық НҚА» сайтында жарияланды. Қоғамдық талқылау 20 қазанға дейін жалғасады.

Кәсіпкерлер палатасы бұған дейін заң жобасын қабылдау азаматтардың вакцинациялауға еркін жоққа шығарады, сонымен қатар кәсіпкерлерге айыппұл салынады деп алаңдаушылық білдірген. Олардың айтуынша, құжат санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарына меншік нысанына, қызмет түрі мен кәсіп санатына қарамастан кез келген жұмыс берушіге Әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша айыппұлдар салуға құқық береді.

Бұдан басқа, Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық ережелерге күндізгі тәртіпте ұйым қызметкерлерін жұмысқа жіберуге қойылатын жаңа талаптарды енгізді.

Ережеге сәйкес жұмысшылар вакцина салдыруы немесе вакцинациядан босатылғаны туралы медициналық анықтама алуы керек. Вакцина салдырмаған қызметкерлер апта сайын ПТР ақылы тексеруден өтуі қажет. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, жұмысшылардың өздері немесе олардың жұмыс берушілері ПТР-сынақтарға ақы төлеуге мәжбүр болады.

Добавить комментарий