Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Түркияға әуе рейстерін қысқартып, Өзбекстанға ұшуды қайта жандандырады деп хабарлады.
Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты Қазақстанда 2020 жылғы 30 қарашада Ведомствоаралық комиссия шешім қабылдады.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ұсыныстарын және елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 2020 жылғы 10-шы желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Түркия әуе компаниялары арасында орындалатын рейстер саны аптасына екі есеге — 20-дан 10-ға дейін қысқарады.
Екі елдің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып, рейстер әуе компаниялардың ресми сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады. Қазақстан мен Түркиядан келетін рейстер кестесіндегі өзгерістер туралы әуе компанияларының анықтама бюросынан немесе билет сататын арнайы кассалардан білуге болады.
«Сонымен қатар, 10 желтоқсаннан бастап Нұр-Сұлтан мен Ташкент арасындағы әуе рейстері қайта жанданады. Екі ел арасындағы ұшақтар аптасына екі рет ұшатын болады. Рейстердi әуе компаниялары орындайтын болады.