Қазақстанда Urker журналистік сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Конкурстық жұмыстар 2021 жылдың маусым айынан бері жарияланған болуы тиіс.
Қазақстанда баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтау үшін «URKER – 2022» Ұлттық бәйгесіне өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлады Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.
Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 2 маусым мен 2022 жылғы 29 қыркүйек аралығында жарияланып, басылымында, интернет-ресурста жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер бәйгенің тек екі номинациясына қатысуға құқылы. Өтінімдер 10 номинация бойынша қабылданады:
Жылдың үздік сұхбаты
Жылдың үздік репортажы
Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал
Жылдың үздік журналистік зерттеуі
Жылдың үздік аналитикалық материалы
Халықаралық тақырыптағы үздік материал
Жылдың үздік жаңалықтар порталы
Радиостанциядағы үздік жоба
Жылдың үздік фотосуреті
Үздік өңірлік БАҚ
Арнайы премиялар:
Ахмет Байтұрсынов атындағы арнайы премия (баспа БАҚ-тағы жоба)
Шерхан Мұртаза атындағы арнайы премия (авторлық жоба)
Батыр Қазыбаев атындағы арнайы премия (интернет БАҚ-тағы жоба)
«Жұмыстарды құрамына беделді журналистер, саланың еңбек сіңірген қайраткерлері мен медиасараптаушылар кіретін сыйлықтың тәуелсіз қазылар алқасы бағалайтын болады», — делінген Ақпарат министрлігінің хабарламасында.
Ұлттық бәйге ұйымдастырушылары — ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры. «URKER» — баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздік жетістіктер үшін беріледі, аймақтардағы мультимедиялық журналистиканы дамытуға ықпал етуге, журналистика мәртебесін арттыруға, кәсіби стандарттар мен критерилерді бекітуге, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған.