ҚР-да ЖІӨ өсімі байқалады

Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында ЖІӨ-нің өсімі байқалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің отырысында айтылды.

Аталған іс-шарада ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Қазақстан экономикасының қалай дамып келе жатқаны туралы сөз қозғады.

Нақты сектор экономика өсімінің басты драйвері болып қала береді деп айтылды Қызмет көрсету секторын жандандыру жалғасуда және экономиканың өндіруші емес секторларында жоғары инвестициялық белсенділік сақталып отыр.

Есепті кезеңде тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда нақты сектордағы өсім 7,4%-ті құрады, ішкі сұраныстың тұрақтануы аясында қызмет көрсету саласының өсуі 0,8%-ке жеделдеді.

Экономика салалары арасында ақпарат пен байланыс, құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, сауда, электрмен жабдықтау және ауыл шаруашылығы жоғары өсім көрсетті, сондай-ақ өңдеу өнеркәсібі салаларында қарқынды көрсеткіш байқалды.

Төрт айда (қаңтар-сәуір аралығында) сыртқы сауда тауар айналымы 28,1 млрд долларды құрады, оның ішінде экспорт – 16,7 млрд доллар. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 16,2%-ке 5,4 млрд долларға дейін өсті, тауарлар импорты 11,4 млрд долларды құрады. Бұл $5.3 млрд деңгейінде оң сауда балансын қамтамасыз етті.

Өңдеу өнеркәсібінің өсімі 7.2%-ды құрады.

Өңірлер бойынша экономикалық өсім Алматы, Алматы облыстарында және Нұр-Сұлтанда байқалады. Батыс Қазақстан, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында төмендеді.

Добавить комментарий