ҚР-да жемқор шенеуніктер көп анықталған өңірлер

Қай өңірдегі әкімдіктерде сыбайлас жемқорлық қылмысы ең көп тіркелгені туралы ақпарат жарияланды.

Соңғы жылдары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталғандар саны күрт өсті.

2022 жылдың қаңтар-шілде айлары аралығында сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің 91 қызметшісі тіркелді.

Бұл соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткіш. Мәселен, 2021 жылдың дәл осы кезеңінде 87 жемқор ұсталған. Дәл 2021-2022 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық жасаған әкімдік қызметкерлерінің саны былтырғы көрсеткіштерден айтарлықтай артқан (салыстыру үшін: 2020 жылдың осы кезеңінде — 11 құқықбұзушы, 2019 жылы — 23, 2018 жылы — 22).

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық баптары аясында әкімдік қызметшілерін төмендегі жағдайлар үшін жауапқа тартылды:

сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру (ҚК 189-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) — 28 адам;
пара алу (ҚК-ның 366-бабы) – 26 адам;
пара беру (ҚК-ның 367-бабы) – 19 адам;
алаяқтық (ҚК-ның 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы) – 14 адам.

Өңірлер бойынша ең көп сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты Түркістан облысы бойынша әкімдік қызметкерлері жасады — 13 адам.

31 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшысы Өмірзақ Шөкеевтің отставкасын қабылдады. Шөкеев өзінің қоластындағы қызметкері — Кентаудың экс-әкімі Дәурен Махажановқа қаьысты аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға бас бостандығынан ауыру туралы айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін отставкаға кету туралы өтініш жазды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылар саны бойынша Қызылорда облысы (11 адам) мен Шымкент қаласы (9 адам) көш бастап тұр.

Антикордың мәліметі бойынша, 2022 жылдың жеті айында елімізде 1400-ден астам сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. 900-ден астам мемлекеттік қызметкер пара алғаны анықталды.

Добавить комментарий