ҚР-да жарты миллионнан астам адам ипотека төлейді

Жарты миллионнан астам қазақстандық ипотекалық несие төлейді.

Қазақстанда ипотекалық несие алған азаматтардың саны алғаш рет жарты миллионнан асты, деп хабарлайды Бірінші несие бюросының баспасөз орталығы. Статистикаға сәйкес, ағымдағы жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша жарты миллионнан астам ипотекалық қарыз алушылар тіркелген.

Ипотекалық несиелеудің жалпы көлемі 5,9 триллион теңгені құрайды. Бір қызығы, 290 мың қарыз алушы үшін несиені өтеу мерзімі кемінде 10 жыл болып отыр. Әрбір оныншы ипотека алушы 20 млн теңге төлеуі тиіс.

Ипотекалық несие бойынша қарыздың орташа сомасы 10,2 миллион теңгені құрайды. Елордада тұрғын үй сатып алуға 98,1 мың, Алматыда 83,5 мың несие рәсімделді. Бұл екі қала ресімделген ипотекалық кредиттер саны бойынша көш бастап тұр, олар ипотекалық қарыз берушілердің жалпы санының 36%-ын құрайды.

Добавить комментарий