ҚР-да жаппай тәртіпсіздікке шақыр жауапкершілігі күшейтіледі

Қазақстан билігі елдегі жаппай тәртіпсіздікке шақырғаны үшін жауапкершілікті күшейту туралы шешім қабылдады.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жаппай тәртіпсіздікке шақыру бойынша жазаны үш жылдан бес жылға, телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған қылмыс жазасын үш жылдан жеті жылға дейін көбейтуді ұсынады.

Сонымен қатар, қылмыстық топ құрамында жасалған бұзақылық жасағаны үшін жазаны бес жылдан жеті жылға дейін ұлғайту ұсынылады, ал қылмыстық топтың құрамында және ерекше цинизммен жасалған кісі өлтіру мен бандитизм үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталады.

Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық салада денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіру саралау белгілері енгізіледі, бұл алты жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғуы мүмкін.

Добавить комментарий