Қазақстандық сарапшылар жалға берілетін тұрғын үй бағасы Ресейде мобилизация басталғанға дейінгі позициясына қайта оралды деп отыр.
Дегенмен, жалға берілетін тұрғын үйдің бағасы тамыздың соңы мен қыркүйектің басымен салыстырғанда әлі де 13,8%-ға жоғары.
Шектен тыс өскен баға құлдырайтыны туралы болжам орындалды — ресейлік рубль мен мигранттардан (жағдайдың өзі нарықтық) пайда көремін деп, арендаторларды пәтерден қуып жібергендер ақыр соңында қол құсырып қалды.
Өкінішке қарай, бағалар одан әрі төмендемейтін сыңайлы — тамыз айында өсу қарқыны айтарлықтай өзгермеген ішкі үдерістерден туындады. Оған қоса, депозиттің 16-17% кірістілігі жалға алуды тартымды етпейді және оның өсу құнына қосымша қысым жасады.