ҚР-да жаңа өрт сөндіру деполарын салу қажет

Қазақстан ТЖМ басшысы елімізде өрт сөндіру деполары мен өрт сөндіру бекеті жетіспейтінін мәлімдеді.

Қазақстанда 127 өрт сөндіру депосы мен 210-ға жуық өрт сөндіру бекетін салу қажет. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәжілістегі үкімет сағатында мәлім етті.

Министр өз сөзінде ТЖМ күштері төтенше жағдайдан туындайтын маусымдық және ықтимал қауіп-қатерлерге уақтылы ден қоюға тұрақты негізде шаралар қабылдап жатқанын атап өтті.

«Министрліктің қарамағында 3 399 өрт сөндіру техникасы бар. Бүгінде халыққа 416 өрт сөндіру депосы қызмет көрсетеді. Жергілікті атқарушы органдардың көмегімен қосымша 473 өрт сөндіру бекеті құрылды. Одан бөлек 127 өрт сөндіру депосы мен 210 өрт сөндіру бекетін салу қажеттілігі бар», — — деп мәлімдеді ТЖМ басшысы Қазақстанның азаматтық қорғау жүйесін дамыту мәселелері бойынша баяндамасында.

Сондай-ақ, ТЖМ басшысы 9 айында құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарына 65 203 рет шақыртылған. Авиация күштерімен 2 249 ұшу жүргізіліп, 9 512 адам құтқарылды және 10 728 адам эвакуацияланды, 3 278 зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Төтенше жағдайлар қызметінің кезекші пультіне 6,6 миллионнан астам хабарлама келіп түсті, олардың әрқайсысы бойынша шаралар қабылданды.

Добавить комментарий