ҚР-да жаңа газ кен орындары өңделеді

QazaqGaz бірқатар құжаттарға қол қойды, соған сәйкес жаңа газ кен орындарын игеріледі.

Қол қойылған құжаттар Қазақстанда бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді деп күтілуде.

«QazaqGaz» ҰК «АҚ басқарма төрағасы Санжар Жаркешов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында бірқатар келісімдерге қол қойды, деп хабарлайды ашық ақпарат көздері.

Санжар Жаркешов DragonOil бас атқарушы директоры Әли әл-Жарван және Petromal Sole Proprietorship L.L.C бас атқарушы директоры Эйас Аломузбен өзара ынтымақтастық орнату туралы меморандумдарға қол қойды.

Dragon Oil-мен келісім Қазақстанның газ кен орындарын игеру және жер қойнауын геологиялық барлау саласында бірлескен жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде Petromal-мен келісім Қазақстандағы жаңа газ кен орындарын бірлесіп өңдеу, жер қойнауын геологиялық зерттеу, сондай-ақ газ өңдеу зауыттарының құрылысы саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған.

Қол қойылған құжаттар Қазақстанда бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында маңызды тетікке айналады деп күтілуде. Сонымен қатар, тығыз коммерциялық байланыстарды дамытуға және Қазақстан мен БАӘ арасындағы екіжақты инвестициялық және технологиялық алмасу көлемін арттыруға негіз болады.

Добавить комментарий