ҚР-дағы Референдумда дауыс беру қорытындысы бойынша экзитпол нәтижесі жарияланды

Қазақстанның Конституциясына өзгерістер енгізу мәселесі бойынша Референдумда дауыс беру қорытындысы бойынша экзитполдың алдын ала нәтижесі жарияланды.

Дауыс беруге қатысушылардың 74,8%-ы Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдап дауыс берді.

Кеше, 2022 жылғы 5 маусымда «Қоғамдық пікір» институты «31 арна» ТРК тапсырысы бойынша республикалық референдумға қатысушыларға сауалнама жүргізді. Республикалық маңызы бар қалаларда, облыс орталықтарында, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендердегі 600 учаскеде 24 мың респонденттен сауалнама алынды.

Респонденттерге «Айтыңызшы, Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды.

Бұл сұраққа респонденттердің 74,8%-ы Конституцияға енгізілген түзетулерді қолдадым, 25,2%-ы қарсы дауыс бердім деп жауап берді.

Экзитпол нәтижелері бойынша референдумға қатысушылар үлесі 70,1%-ды құрады.

Добавить комментарий