Бүгін ашық ақпарат көздерінен хабарлағандай, қазақстандық қор биржасындағы KASE сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа алынған бағамы 444,09 теңге болды.
Сауда-саттыққа қатысушылар жалпы сомасы 68,9 млн долларға 148 мәміле жасады. Бұл бір күн бұрын мәміленің көлемі 8,7 млн. долларға артық болды. Ол кезде доллардың орташа алынған бағамы 444,07 теңге болды.
Ақща айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 442-444 теңгеден сатып алып, 446-448 теңгеге сатып жатыр.
Рубльге келетін болсақ, оның орташа алынған бағамы 5,98 теңге болды. Сауда-саттыққа қатысушылар жалпы сомасы 2,48 млрд рубльге 93 мәміле жасады.