Қазақстанда халықты жаппай вакцинациялау жалғасуда. 3,5 млн адам вакцинаның екі дозасын алды.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі 3,5 млн адам вакцинаның екі дозасын алғанын хабарлады.
Сондай-ақ, еліміздің өңірлері бойынша иммунопрофилактика статистикасы хабарланды. Қазақстанда 29 шілде таңертеңгі жағдай бойынша 5 275 626 адам коронавирустық инфекцияға қарсы екпе алды, оның ішінде 3 535 508 адам вакцинаның екінші дозасын алды. Бұл туралы еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Өңірлер бөлінісінде:
Алматы — 700 910 (l доза); 495 184 (ll доза);
Түркістан облысы — 562 552 (l доза); 380 816 (ll доза);
Алматы облысы — 537 937 (l доза); 349 545 (ll доза);
Шығыс Қазақстан облысы — 416 955 (l доза); 274 744 (ll доза);
Қарағанды облысы — 377 664 (l доза); 249 462 (ll доза);
Шымкент — 359 602 (l доза); 256 189 (ll доза);
Нұр-Сұлтан — 332 987 (l доза); 233 141 (ll доза);
Жамбыл облысы — 280 636 (l доза); 185 833 (ll доза);
Қостанай облысы — 239 061 (l доза); 153 549 (ll доза);
Қызылорда облысы — 225 269 (l доза); 151 451 (ll доза);
Ақтөбе облысы — 222 296 (l доза); 133 934 (ll доза);
Павлодар облысы — 217 048 (l доза); 146 621 (ll доза);
Ақмола облысы — 211 060 (l доза); 133 708 (ll доза);
Солтүстік Қазақстан облысы — 192 809 (l доза); 134 828 (ll доза);
Батыс Қазақстан облысы — 161 063 (l доза); 105 588 (ll доза);
Атырау облысы — 138 818 (l доза); 90 543 (ll доза);
Маңғыстау облысы — 98 959 (l доза); 58 372 (ll доза).