ҚР-да ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылуда


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2023/02/speech-48245-1676358887-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылуда. Оның құрамында 880 құтқарушы бар.

Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов хабарлады.

Түркия мен Сирияда болған жойқын жер сілкіністері мыңдаған адамның өмірін қиып, көпшілігі зардап шегіп, баспанасыз қалды. Бұл жағдай әр қазақстандықтың қабырғасын қайыстырды», — деп жазды Смайылов дүйсенбі күні әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ол қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтып, ал Түркия және Сирия халқына осынау қиын-қыстау кезеңде ауызбіршілік пен сабыр тіледі. Ол Түркияда осы қиын жағдайда жұмыс істеп жатқан қазақстандық құтқарушыларға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар осындай қиын сәтте бауырлас түрік халқына қол ұшын созып, аса қауіпті жағдайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық құтқарушыларға ризашылығымды білдірді.

«Бұл оқиғалардың барлығы біздің әртүрлі жағдайларға дайын болу үшін жедел әрекет ету күштерін ұлғайтып, оларды тиісті жабдықтармен қамтамасыз ету ісіне аса көңіл бөлуімізді қажет етіп отыр. Осыған байланысты ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулы қабылдады. Құжатқа сәйкес, Қазақстанда ТЖМ-нің жаңа әскери бөлімі құрылуда. Ол Ақтөбе қаласында орналасады. Жаңа бөлімнің штаты – 880 адам», — деп хабарлады министрлер кабинетінің басшысы.

Премьер атап өткендей, еліміз бойынша ТЖМ-нің үш әскери бөлімі бар: Шығыс Қазақстан облысы, Алматы және Қарағанды облыстары.

«Батыс аймақта көлемді құтқару құрылымдары жоқ», — деп атап өтті Смайылов.

Бұдан басқа, ТЖМ қызметтерінің штат саны, атап айтқанда, өрт сөндіру бөлімшелері 380 адамға, құтқару станциялары 220 адамға, Апаттар медицинасы орталығы 94 адамға, «Қазселденқорғау» мекемесі 39 адамға көбеюде.

«Жалпы ТЖМ қатары 1 613 адаммен толықты. Осы шаралардың барлығы төтенше жағдайлар бойынша жедел әрекет ету деңгейін, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізудің тиімділігін, елдің өрт қауіпсіздігін, шұғыл медициналық көмек көрсетуді, сондай-ақ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдері мен селден қорғау құрылыстарының толыққанды жұмысын қамтамасыз етеді», — деп толықтырды Премьер-Министр.

Үкімет осы бағыттағы жұмысын жалғастырады.

«Біз жедел қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыру, құтқарушылардың еңбекақысын көтеру жөнінде шараларды одан әрі де қабылдаймыз. Әлемдегі тосын оқиғалар адамдардың қауіпсіздігі бәрінен де жоғары екенін көрсетіп отыр», — деп түйіндеді Смайылов.

Добавить комментарий