ҚР-да телерадио хабарларын тарату тоқтатылады

«Қазтелерадио» АҚ мәліметі бойынша еліміздің барлық аумағында жоспарлы-профилактикалық жұмыстарға байланысты телерадиоарналарының ретрансляциясы тоқтатылады. Іс-шаралар 2020 жылдың 19 қарашасына жоспарланған.

Түнгі сағат 3.00-ден түскі сағат 17.00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы барлық сервистер жабылады. Осыған байланысты, жұмыстар жүргізілетін уақытта Қазақстанның барлық аумағы бойынша телерадиоарналарын ретрансляциялауды уақытша тоқтатады.

«Қазтелерадио» АҚ спутниктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет, тоқсандық жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік беретінін ескере отырып, осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүргізіледі. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — делінген хабарламада.

Добавить комментарий