ҚР-да тегін медициналық көмек тізбесі бекітілді

Қазақстандықтар заңнамалық актілерде белгіленген тәртіп пен көлемде ақысыз медициналық көмек ала алады. Осындай нормативтік құжаттардың бірі — Республика Үкіметінің қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің Тізімі.

Құжатқа сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне:

Жедел медициналық көмек уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көрсетіледі.

Медициналық авиацияны тарта отырып жедел медициналық көмек:

  • науқастардың орналасқан жері бойынша медициналық ұйымда медициналық бұйымдардың және (немесе) тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде;
  •  медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлі мамандарын межелі жерге жеткізу қажет болған кезде;
  • науқасты пациенттің орналасқан жері бойынша медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған және тиімсіз болған кезде медициналық көмек көрсетудің екінші және үшінші деңгейлі медициналық ұйымдарына тасымалдау үшін;
  • кейіннен тиісті медициналық ұйымға транспланттау үшін ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) (немесе тіндерді (тіннің бөліктерін) тасымалдау үшін;

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК), оның ішінде:

1) неғұрлым кең таралған ауруларды диагностикалау, емдеу және басқару;

2) халықтың нысаналы топтарын (балаларды, ересектерді) профилактикалық тексеріп-қарау;

3) аурулардың мінез-құлық факторларын ерте анықтау және бақылау және анықталған қауіп факторларын төмендету дағдыларына үйрету;

4) иммундау;

5) салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау;

6) репродуктивті денсаулықты қроғау жөніндегі іс-шаралар;

7) жүкті әйелдерді бақылау және босанғаннан кейінгі кезеңде босанған әйелдерді бақылау;

8) жұқпалы аурулар ошақтарындағы санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шаралар.

Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

  • АИТВ инфекциясы мен туберкулездің алдын алу және диагностикалау;
  • жарақаттар, уланулар немесе басқа да кезек күттірмейтін жағдайлар кезіндегі қызметтер, оның ішінде елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғатын аурулар кезіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін оларға күдік туған жағдайларда ұтқыр бригада қызметтері;
  • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде диагностика және емдеу;
  • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде диагностика және емдеу.

Уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

  • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде емдеу;
  • елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғатын аурулар кезінде және МӘМС жүйесіндегі қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін оларға күдік туған жағдайларда үйдегі стационардың қызметтері;
  • динамикалық байқауға жататын созылмалы аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша және тәртіппен емдеу жатады;

Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

  • айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ бактерия тасымалдаушыларды, вирус тасымалдаушыларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін инфекциялық немесе паразиттік ауруға күдікті адамдарды уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша оқшаулау кезінде;
  • уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша жұқпалы, паразиттік ауруларды және айналасындағыларға қауіп төндіретін ауруларды емдеу кезінде;
  • МӘМС жүйесіндегі қызметтерді тұтынушылар болып табылмайтын адамдар үшін шұғыл нысанда, оның ішінде уәкілетті орган айқындайтын тізбе бойынша тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізу;
  • уәкілетті орган бекіткен аурулар тізбесі бойынша жоспарлы нысанда;

Медициналық оңалту:

  • негізгі ауруды емдеу кезінде;
  • туберкулезбен ауыратын науқастар.

Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша паллиативтік медициналық көмек.

Сондай-ақ кепілдік берілген көлемге уәкілетті орган айқындайтын қан, оның компоненттері мен қан препараттарының номенклатурасына сәйкес стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде медициналық айғақтар болған кезде қан препараттарымен және оның компоненттерімен қамтамасыз ету кіреді.

Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезінде патологиялық-анатомиялық диагностика.

Өлімнен кейінгі донорды ағзаларды (ағзалардың бөліктерін) немесе тіндерді (тіннің бөліктерін) алуға дайындау, органдар мен тіндерді алу, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

Тегін медициналық көмек шеңберінде ҚР азаматтарын шетелге емделуге жіберу немесе уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту жүзеге асырылады.

Дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммундық-биологиялық дәрілік препараттармен қамтамасыз ету:

  • жедел жәрдем, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсету;
  • МСАК қарсы профилактикалық екпе егулер жүргізілетін аурулардың тізбесіне сәйкес;
  • Белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар ҚР азаматтарының жекелеген санаттарын тегін немесе жеңілдікпен қамтамасыз ету үшін уәкілетті орган бекітетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда МСАК және мамандандырылған медициналық көмек.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (20 қазан) және 2020 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға таратылады.

Добавить комментарий