ҚР-да ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталды

Қазақстанда Ұжымдық қауіпсіздік ұйымының оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі басталды.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жамбыл облысында ҰҚШҰ оқу-жаттығуларының салтанаты ашылу рәсімі өттіі. Ұйымның оқу-жаттығуларының белсенді кезеңі 2022 жылғы 3-7 қазан аралығында өтеді», — делінген хабарламада.

Қазақстан аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының «Өзара іс-қимыл», «Іздеу» және «Эшелон» оқу-жаттығулары өткізілуде.

«Оқу-жаттығулардың ашылу салтанатына ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Тахир Хайруллоев, ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы генерал-полковник Анатолий Сидоров, ұйымға мүше елдер қарулы күштерінің өкілдері қатысты», — деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс ведомствосы.

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Марат Құсайынов оқу-жаттығуларға қатысушыларды құттықтай отырып, өңірдегі тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі және қатысушы мемлекеттердің әскери қызметшілерінің кәсіби шеберлігін арттырудағы ұйымның маңызды екенін атап өтті.

«Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер стратегиялық әріптестер мен одақтастар, ал алдағы оқу-жаттығулар әскери қызметшілердің жауынгерлік шеберлігін және ұжымдық күштер бөлімшелерінің үйлесімділігін жетілдіру құралы ретінде ғана емес, онымен қоса тиімді халықаралық әскери ынтымақтастықты, тәжірибе алмасу бағытындағы іс-қимылды жетілдіру үлгісі», — деді Құсайынов.

Добавить комментарий