Қазақстанда қазір селден қорғайтын құрылыстарды салу бойынша үш жоба жүзеге асырылуда, олардың екеуі Алматы қаласын сел қаупінен қорғауға бағытталған.
Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы бері және ҚР ТЖМ тарихындағы алғашқы осындай жоба іске асырылып жатыр.
ТЖ министрі Юрий Ильин Мәжілістің жалпы отырысында Үлкен Алматы көлінің шатқалындағы Аюсай бөгетінің құрылысы 2024 жылы, ал Ақсай бөгетінің құрылысы 2023 жылы аяқталатынын мәлімдеді.
Сонымен қатар, Қытай Халық Республикасымен бірлесіп Қорғастағы селден қорғайтын Шүкірбұлақ бөгетінің құрылысы жүргізіліп жатыр.
Аюсай бөгетінің құрылысы сел ағындарынан, нөсерлі, гляциалды селдерден болатын қауіпті барынша азайтуға мүмкіндік береді және жобаланатын бөгеттің астында орналасқан шаруашылық объектілерін инженерлік қорғауды және сел қаупі бар аймақтағы адамдардың өмірін қорғауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, Ақсай өзені бассейнінде «Ленинец» пионерлік лагерін, «Ақсай» саяжай алабын және басқа да нысандарды сел ағындарынан қорғайтын селді тежейтін бөгет салынады.