ҚР-да салық және несие төлемдері кейінге қалдырылады

Қазақстан Президенті қазақстандық кәсіпкерлерді қолдау қажет деп санайды. ҚР Ұлттық Банкке экономиканың коронавирустан зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнес субъектілері үшін несие бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін пысықтауды тапсырды.

Президент сондай-ақ салықтық және кедендік берешектерді мәжбүрлеп өндіріп алуды тоқтатуды тапсырды. Ол бұл шаралар «шын мәнінде жаппай вакцинациялау» басталғанға дейін және кшектеулердің басым бөлігі алынғанға дейін қолданыста болуы тиіс екенін атап өтті.

«Үкіметтің пандемиямен байланысты жағдайды сәуірдегі жаппай вакцинациялау арқылы жақсы жаққа өзгертеміз деген сенімін ескере отырып, мамырдан бастап шағын және орта бизнес субъектілерінің, оның ішінде қызмет көрсету саласындағы шектеулерді біртіндеп алып тастауға мүмкіндік болады», — деді Мемлекет басшысы.

Тоқаев Қазақстанда цифрлық шешімдерді пайдалануды жеделдету қажеттігін, бұл карантиндік шектеулер жағдайында халықтың мобильдігін сақтауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Цифрлық мониторинг бизнесті, әсіресе қызмет көрсету және ритейл саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

Добавить комментарий