ОСК-ға тіркеуге кандидаттардың кез келген саны ұсынылады деп хабарланады.
Үміткерлер 2022 жылғы 11 қазан сағат 18-00-ге дейін елді басқаруға ниет білдіре алады.
Кандидаттарды Орталық сайлау комиссиясына мына құжаттарды ұсынған күннен бастап бес күн ішінде тіркейді:
кандидатты ұсыну туралы республикалық қоғамдық бірлестіктің жоғары органы отырысының хаттамасынан үзінді көшірмелер;
кандидаттың сайлауға түсуге келісімі туралы өтініші;
кандидаттың сайлау жарнасын қосқанын растайтын құжат.
Президенттікке кандидаттарды қолдау үшін облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың кем дегенде 2/3 атынан теңдей өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет..
Әрбір кандидатты қолдау үшін 118 273 сайлаушының жарамды қолы жиналуы тиіс.
Президенттікке кандидат Қазақстан азаматы болуы қажет. Жасы 40-қа толған болуы, ел аумағында соңғы 15 жыл бойы тұруы, білімі жоғары, мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымда жұмыс тәжірибесінің болуы, белсенді сайлау құқығына ие болу және мемлекеттік тілді еркін меңгеруі керек.
Тiркеуге президенттiкке кандидаттардың кез келген саны ұсынылады.
Президенттікке кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беруден екі күн бұрын кез келген уақытта ҚР ОСК-ға жазбаша өтініш бере отырып, өз кандидатурасын алып тастай алады.
Республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органы тiркелгенге дейiн және одан кейiн кез келген уақытта Орталық сайлау комиссиясына тиiстi ұсыныс енгiзу арқылы, президенттiкке кандидат ұсыну туралы өз шешiмiнiң күшiн жоя алады.