ҚР-да әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жылда 18%-ға қымбаттады

Ақтау, Жезқазған және Орал тұрғындары қымбаттауды қатты сезінді.

Биылғы жылдың 16 тамызына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде 19 тауар түрі бір аптада 0,2%-ға, айдың басынан бастап 0,4%-ға және бір жылда 18,1%-ға қымбаттады.

Еліміздің ірі қалаларының ішінде ең жоғары жылдық баға өсімі Ақтау (бір жылда 21,2%), Жезқазған (20,5%) және Орал (20,4%) қалаларында байқалды. ӘМАТ бағасының ең аз, дегенмен әлі де біршама жылдық өсімі Қостанайда (15,8%), Петропавлда (16,8%) және Қарағандыда (17,8%) тіркелді.

ӘМАТ арасында жылдық динамикада құмшекер 92,7%-ға қымбаттады. Сондай-ақ пияз (бір жылда 55,5%), қарақұмық жармасы (26,5%), тауық еті (23,5%) және макарон өнімдері (23,2%) қымбаттағаны айқын байқалды.

Өткен жылмен салыстырғанда ӘМАТ бойынша сәбіз (19%) және қырыққабат (6,7%) бағасы арзандағаы байқалды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бір жылда 18%-ға қымбаттады 1563669 — Kapital.kz

Жалпы алғанда, биылғы жылдың шілде айында азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 1%-ға, жыл басынан бері 16,9%-ға және бір жылда 19,7%-ға өсті.

Өңірлер бойынша айлық динамикада Павлодар (2%), Ақмола (1,9%) және Абай (1,7%) облыстарында бағаның біршама өскені байқалды. Ай сайынғы ең аз баға өсімі Алматы, Түркістан және Ұлытау облыстарында (0,4%) тіркелді.

Жылдық динамикада бағаның неғұрлым өсуі Маңғыстау (24%), Ақтөбе (22,4%) және Атырау (21,5%) облыстарында тіркелді.

Азық-түлік тауарларының кіші топтарына келетін болсақ, шілде айының қорытындысы бойынша бағаның бір айдағы жоғары өсімі нан-тоқаш өнімдері мен жармада байқалды: 2,9% қымбаттаған. Ет және ет өнімдері бағасы 1,4%, балық және теңіз өнімдері — 1,3%, сүт өнімдері — 1,7%, жұмыртқа — 2,4%, май мен тоң май — 1,4%, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 4,3% өсті. Сонымен қатар жеміс-жидектер мен көкөністер маусымдық бағасы бір айда 4,3%-ға арзандады.

Жылдық динамикада нан-тоқаш өнімдері мен жарма өнімдері — 26%-ға, ет және ет өнімдері — 14,3%-ға, балық және теңіз өнімдері — 18,8%-ға, сүт өнімдері — 22,7%-ға, май мен тоң май — 15,3%-ға, жеміс пен көкөніс — 14,5%-ға, қант, джем, бал, шоколад және кондитерлік өнімдер — 44,2%-ға, жұмыртқа — 6,6%-ға қымбаттады.

Добавить комментарий