ҚР-да коронавирустың жаңа штаммы анықталды

Қазақстанда коронавирустың жаңа штаммы — «Стелс-омикрон» анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны қауіпті деп атады.

Қазақстанда «Стелс-омикрон» штамының айналымы анықталды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

«Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында жүргізілген ПТР скринингтің қорытындысы бойынша коронавирус инфекциясы штамдарының түрлі нұсқаларының айналымы анықталды. Барлық өңірлерде BA.1 «Омикрон» штамы 98,6 %-да анықталды, оның ішінде 12 өңірде BA.2 «Стелс-Омикрон» штамы 36,7%-да анықталды», — деп хабарлайды министрлік.

Сонымен қатар, елімізде «Дельта» штамының айналымы жалғасуда.

Денсаулық сақтау министрлігінде ПТР скрининг нәтижелерін растау үшін толық геномдық секвенирлеу жүргізіледі, ол ағымдағы айдың соңына қарай аяқтайтынын атап өтті.

Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанына қарамастан, Министрлік коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияны, ревакцинацияны уақтылы жүргізуді ұсынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі Мария ван Керкхове «стелс-омикрон» ең жұқпалы штам екенін айтты.

Добавить комментарий