ҚР-да кәсіпорындарда 134 адам қаза тапты


  • Warning: file_get_contents(/home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/uploads/2022/10/speech-40994-1666366397-1.mp3): failed to open stream: No such file or directory in /home/oqunews/kz.oqu.news/www/wp-content/themes/news-theme/single.php on line 38
  • Прослушать

Қазақстанда өткен тоғыз айда кәсіпорвндарда 134 адам қаза тапты.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Биылғы жылдың тоғыз айында еліміздің кәсіпорындарында 999 адам зардап шекті, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 5,8%-ға төмен (2021 жылы – 1061 адам), оның ішінде 134 адам қаза тапты, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 4,3%-ға төмен (2021 жылы – 140 адам)», — деп хабарлады жұма күні еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы (ЕХӘҚК) ЕХӘҚМ- Қазақстанның бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов.

Жазатайым оқиғаларға әкеп соққан негізгі себептер:

— жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы (34,9%);

— жұмыс өндірісін қанағаттанарлықсыз ұйымдастыру (28,3%);

— еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын бұзу (7,1%);

— автожол жүрісі қағидаларын бұзу (9,1%) болды;

«Бұл ретте, бұрынғыдай, еліміздің өнеркәсіптік өңірлерінде: Қарағанды (136 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (120 адам), Қостанай (93 адам), Ақтөбе (84 адам), Павлодар (82 адам) облыстарында және Алматы қаласында (79 адам) жарақаттанудың жоғары деңгейі сақталуда», — деп нақтылады спикер.

Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 16,4 %, құрылыс саласында – 12,3% байқалады.

«Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтар үшін 109 лауазымды адам атқаратын лауазымынан босатылды. Құқық қорғау органдарына жазатайым оқиғалар туралы 744 материал жіберілді, олар бойынша 118 қылмыстық іс қозғалды. Еңбек жағдайларының нақты жай-күйін бағалау мақсатында жұмыс орындарында 4 133 өндірістік нысанды аттестаттау өткізілді», – деп толықтырды Төлеген Оспанқұлов.

Добавить комментарий