ҚР-да электр энергиясының 3% ЖЭК-тен өндіріледі.

Қазақстанда ЖЭК өндіретін электр энергиясының көлемін мардымсыз деп атауға болады. Ол жалпы көлемнің 3%-ын ғана құрайды. Бұл ретте электр энергиясының 70%-ы өмірден өндіріледі.

Экологтар болашақ жаңартылатын энергия көздерінде деп деп айтып жатқанына қарамастан, әзірге олардың үлесі өте аз.

Қазақстандағы электр энергиясының 70 пайызы әлі де көмірден өндірілуде, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы Telegram-каналында.

Экологтар болашақ — жаңартылатын энергия көздерінің (ЖЭК) қолында деп жатқанына қарамастан, олардың ел аумағындағы жалпы генерациядағы үлесі бар болғаны 3%-ды ғана құрайды. Қазақстандағы электр энергиясының 20%-ы газдан, 7%-ы судан өндіріледі.

«2021 жылы жаңартылатын энергия көздерінің объектілері өндірген электр энергиясының көлемі 4,2 млрд кВт/сағ құрады. Жаңартылатын энергия көздерінің объектілері, соның ішінде ірі СЭС-тер өндіретін электр энергиясының үлесі 2015 жылғы 10,3%-дан 2020 жылға қарай 11%-ға дейін өсті. Ірі су электр станцияларын есептемегенде бұл көрсеткіш одан да төмен – 2021 жылы алынған қуаттың үлесі 3,7%-ды құрады», — делінген хабарламада.

Сарапшылардың айтуынша, электр энергиясының тапшылығы мен инфрақұрылымның тозуы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді, ал саладағы қалыптасқан жағдай «жасыл» энергетиканы дамытуға мүмкіндік бермейді. Энергетика министрлігі 2050 жылға қарай елдегі барлық электр энергиясының 50%-ы жаңартылатын көздер шығарады деп үміттенгенімен, әзірге Қазақстан энергетикалық салада көмірден бас тарта алмайтын секілді.

Добавить комментарий