ҚР-да инфляция деңгейі 5,5%-ға жетті

Қазақстанның Ұлттық бюросының мәліметінше, ағымдағы жылы инфляцияның өсімі 5,5%-ға жетті.

Сондай-ақ, 2020 жылдың он айында азық-түлік тауарларының бағасы 8,3%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлардың бағасы 4,5%-ға, ақылы қызметтердің бағасы 3%-ға артқаны хабарланды. Қазан айында (2020 жылғы қыркүйекке қарай) жұмыртқа — 10,3%, құм-шекер — 7,3%, күнбағыс майы — 6,3%, көкөністер — 2,8%, картоп- 2,1%, сүт — 1,4%, шай — 1%, қой еті — 0,9%, ұн, сары май — 0,8%, макарон өнімдері, жылқы еті — 0,7%, нан — 0,6% көтерілді. Темекі өнімдері 1,8%, салқын сусындар 0,6% қымбаттады. Бағаның төмендеуі жемістер — 3,9%, тауық еті — 1,1%-ға тіркелді.

Кеңсе тауарлары, дәрі-дәрмектер бағасының өсуі 0,8%-дан, жуу және тазалау құралдары, автокөліктер — 0,7% -дан, тоқыма бұйымдары, киім және аяқ киім, жиһаз және үй тұрмысы заттары — 0,6%-дан болды. Тас көмір 1,4% қымбаттады.

Моншаға бару бағасының деңгейі 0,8%, спорт кешенінің қызметі — 0,7%, стоматологиялық қызмет көрсету — 0,6%, қоғамдық тамақтану — 0,5% өсті. Әуе жолаушылар көлігімен жүру 2,4%-ға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында қоқыс шығару тарифтері 6,7%, суық су — 2,5%, кәріз — 2%, электр энергиясы — 0,7%, ыстық су — 0,3% өсті.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылдың 6 қазанында Президенттің жарлығымен Статистика комитеті Ұлттық статистика бюросы болып қайта құрылды.

Добавить комментарий