Қазақстан ерте дақылдарды Өзбекстаннан сатып алуды жоспарлауда. Бұл үшін көрші елмен өзара сауда көлемін $10 млрд-қа дейін, сондай-ақ логистиканы дамыту үшін бірқатар келісімдер жасасу қажет.
Аталған мәселелер Сауда және интеграция министрі — ҚР Президентінің Өзбекстан бойынша арнайы өкілі Бақыт Сұлтановтың Ташкентке жұмыс сапары кезінде жан-жақты талқыланды. Бұл туралы Сауда министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Келіссөздер аясында тараптар маусымаралық кезеңде ішкі сұранысты тұрақтандыру үшін ерте дақылдарды жеткізу бойынша фораордтық келісімшарттарға қол қоюға мүдделілік білдірді. Сонымен қатар, Агроэкспресс қалыптастыру бойынша бірлескен жұмыс туралы шешім болды. Қазақстан мен Өзбекстан барынша өзара тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін өз іс-қимылдарын үйлестіруді жоспарлап отыр.
Тараптар «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығы (ХСЭЫО) жобасын іске асыру барысын талқылады.
«Біз бұл орталықты Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы сауда және индустриялық хабтардың бірыңғай экожүйесі және Орталық Азия өңіріндегі жүк ағындарының негізгі торабы ретінде қарастырамыз», — деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.
ХСЭЫО барынша экономикалық әсерге қол жеткізу үшін және солтүстік-оңтүстік, батыс Еуропа – Батыс Қытай көлік дәліздерімен интеграциялау мақсатында Қазақстан тарапы ХСЭЫО-ны Қазақстан Республикасының аумағында «Алатау» СО және «Қорғас» ШЫХО-мен, сондай-ақ өзбек-ауған шекарасында «Термез» ХСО-мен және Өзбекстан шекарасында жоспарланып отырған ұқсас шекара маңындағы орталықтарды Қырғызстанмен және Түрікменстанмен ұштастыруды қамтамасыз етуді ұсынды.
Кездесу барысында тараптар өзара саудадағы кедергілерді жою бойынша жұмыстарды да талқылады. Бақыт Сұлтанов ТМД тауарларының шығарылған елін анықтау ережелерін біріздендіру қажеттігіне назар аударды, бұл екі елдің өзара саудасының артуына оң әсер етеді және $10 млрд белгісіне одан да тез қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Аталған жобалар бойынша қорытынды құжаттарға Өзбекстан президентінің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапары 2021 жылдың соңына дейін күтілуде.