Интернет қолданушылары арасында екі рет COVID-19-ға қарсы вакцинана салу ауру жұқтыру қаупін 27 есеге арттырады деген жалған ақпарат талқыланып жатыр. Алайда бұл жалған ақпарат және ғылыми негізі жоқ.
Талқыланып отырған постқа америкалық дәрігер Райан Коулдың вакцинацияланған адамдардың осалдығы дәлелдеген израильдік зерттеу туралы айтқан видеосы тіркелген.
Бірақ Райан Коулдың пандемия мен вакциналарға қатысты сөздеріне сенуге болмайды.
Ол жалған ақпарат таратушы және Вашингтондағы медициналық кеңес тарапынан тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Атап айтқанда, доктор Коул COVID-19 қарсы вакциналар қатерлі ісік ауруын тудырады және вакцинацияланған адамдар арасында жақын арада онкологиялық індет басталады деп мәлімддеген.
Зерттеуге келетін болсақ, оның атауы, жарияланған жылы көрсетілмегендіктен, оны табу қиын.
Ағылшын тілді екпеге қарсы тұлғалар 2022 жылдың 5 сәуірінде жарияланған израильдік ғалымдардың мақаласына сүйене отырып, вакцинацияланған адамдар ауруды жиі жұқтырады деген теорияларды таратқаны белгілі.
Онда зерттеушілер екі рет егілген, вакцинаның бір дозасын алғандар, мүлде алмағандар, бірақ бұрын ауырған адамдар және ауырып, кейін бір дозасымен егілгендер арасында COVID-19 жұқтыру жиілігін салыстырған.
Авторлар 124 500 адамның медициналық жазбаларын талдады, Олар бұрын ауырғандарда мүлде ауырмаған, бірақ вакцинаның екі дозасын алғандарға қарағанда ауруды қайта жұқтыру ықтималдығы аз деген қорытындыға келді.