Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауында еліміздегі ең төменгі жалақы 70 мың теңгеге дейін көтерілетінін мәлімдеді
«Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл шешім 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді», — деді Тоқаев.
Еске салайық, Мемлекет басшысы Парламенттің екі палатасының бірлескен отырысында халыққа Жолдауын жариялады.